Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау мәселелері
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында сот төрағасы Н.Б.Бекназаров жұмыс кеңесін өткізді, онда жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау практикасының проблемалық мәселелері талқыланды.
Осы кеңеске прокуратура өкілдері және ішкі істер органдарының, мемлекеттік кірістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдары мен арнайы органдар өкілдерінің пікірлері тыңдалды, онда қатысушылар жасырын тергеу әрекеттерін өткізуді санкциялау үшін бергенматериалдарды қарау процестерін жетілдіру мақсатында аталған мәселе бойынша пікірлерімен алмасты.
Кеңес қатысушылары жасырын тергеу әрекеттерін өткізу бойынша практиканы нығайту қажеттілігі және жасырын тергеу әрекеттерін өткізудің қағидаларын мүлтіксіз орындау бойынша неғұрлым жауапты тәсілді қамтамасыз ету туралы ортақ пікірлерін білдірді.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты
[xfvalue_img]