Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев пен «Шанс» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету орталығының директоры М.А.Галимовамен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты: Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық атқару заңнамасының талаптарын ескере отырып, кәмелетке толмағандардың мәселелерін шешу және қиын өмір жағдайындағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізу болып табылады.
Меморандумның мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар өзара ынтымақтастықтың мынадай бағыттарын айқындады: құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандарды оңалтуға бағытталған рәсімдерді дамыту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу, қиын өмір жағдайындағы баланы оңалту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, бала заң бұзушылық жасаған кезде мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша кез келген тарап ұйымдастыратын бірлескен консультацияларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен басқа да іс-шараларға тараптар өкілдерінің қатысуы арқылы оң практикалық тәжірибе алмасу, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және балалның ең жақсы мүдделерін сақтау қағидатын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау салаында заңдылықты бұзушылықтарды, мұндай бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша бірлескен шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасына, жасөспірімдер сияқты олардың ата-аналарының да заңдық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]