Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың төрағасы халықаралық конференцияға қатысты
20 наурызда Минскіде Беларусь Республикасының Заң шығару және құқықтық мәселелер бойынша ұлттық орталығы (НЦЗПИ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Белоруссияның республикалық адвокаттар одағымен ұйымдастырылған «Кәмелетке толмағандар қылмыстары бойынша сот төрелігін қалпына келтіру» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға мемлекеттік органдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар және заңды қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Еуропа мен ТМД сарапшылары қатысты.
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әлқожаев Қ.Қ. конференцияда «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процестегі медиация тәжірибесі» және «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға әділеттілікті қалыптастыру» тақырыбында екі баяндама жасады.
Конференция қалпына келтіретін әділеттілік саласындағы үздік әлемдік тәжірибені талқылауға және осы саладағы мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар Беларусь Республикасында қалпына келтіретін әділеттілікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындауға келісті.
Астана қаласының кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
29 пікір