Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыруға құқықтық көмек көрсету мақсатында Қандыағаш қаласының тұрғындарына «Ашық есік күні» өткізді.
Сот төрағасына азаматтар сот актілерін жеке сот орындаушыларға орындату бойынша, банктің несие ресімдеу мәселелеріне байланысты сұрақтарымен жүгінді.
Сот төрағасы А.Т.Анарбаев азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.
Сонымен қатар, сот төрағасы А.Т.Анарбаев «Ашық есік күні» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.
[xfvalue_img]