Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті
Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында, 2018 жылы 15 қазан айында «Ашық есік» күніөткізілді.
Іс-шара барысында төраға Анарбаев А.Т. қабылдауында көкейлерінде жүрген өзекті мәселеріне жауап алуға келген жергілікті тұрғындар болды. Сұрақтардың басым бөлігі бережақ өндіру, ортақ мүлікті бөлу туралы сұрақтарды қамтыды.
Сот төрағасы Анарбаев А.Т. азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.
Сонымен қатар, төраға «Ашық есік» күнііс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.
Қабылдау аяқталғаннан кейін тұрғындар осындай шаралар көбірек өткізілсе, пайдасының мол болатынына сенімдерін білдірді.
[xfvalue_img]