Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті
Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында, 2018 жылы 19 шілде«Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында төраға Анарбаев А.Т. қабылдауында көкейлерінде жүрген өзекті мәселеріне жауап алуға келген жергілікті тұрғындар болды. Сұрақтардың басым бөлігі меншік құқығы мен мүлікті тыйымнан босату тәртібін қамтыды.
Сот төрағасы Анарбаев А.Т. азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.
Сонымен қатар, төраға Анарбаев А.Т. «Ашық есік күні» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.
Қабылдау аяқталғаннан кейін қала тұрғындары сот төрағасына ашық есік күнін өткізгені үшін ризалығын білдіріп, осындай шаралар көбірек өткізілсе деген тілектерін білдірді.
[xfvalue_img]