Сот шешімін орындамаудың жауаптылығы

Сот шешімін орындамаудың жауаптылығы

Ата заңымыздың 13 бабына сәйкес «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы». Бұл конституциялық норма азматтардың өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуді ғана емес, сондай-ақ борышкер сот шешімі негізінде өз міндеттемелерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот шешімінің орындалуын талап ету құқығын да қарастырады.

Қазіргі таңда заңды күшіне енген сот актілерінің орындалмауы сот төрелігін жөнелтудің ең басты проблемалық мәселелерінің бірі болып табылады.
        Сот актісінің талаптарын орындамағаны үшін лауазымды тұлға, борышкер және сотталған адам заңмен көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Алайда, сот актілерін міндетті орындау және орындалмағандығы үшін көзделінетін жауаптылық айтылған  нормаларға қарамастан сот шешімдері мен үкімдері бірнеше жылдар бойы орындалмауда.

Сонымен қатар іс жүзінде жеке және мемлекеттік сот орындаушылары,
заңды күшіне енген сот актісін орындау үшін заңмен көзделген барлық ықпал ету тетіктерін толығымен пайдаланбайды, тиісінше бұл сот актілерінің орындалмауының бір ден бір себебі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабына сәйкес «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау – жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

Еліміздің қылмыстық кодексінің 430 бабына сәйкес «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»

Осылайша, сот актілерінің орындалмауы бүгінгі күні кең ауқымды болғандығына байланысты алдағы уақытта бірқатар белсенді шаралар жасау қажет.

 

 Д. Мыңбай

                                     Қымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы                                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.