Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдірді.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» -  деген  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың сөзі ұлы бастаманың арқауы.

Рухани жаңғыру бағыты  Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабалар алдындағы қарымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді. Рухани жаңғыру  рубрикасы шығармашылық табыстарға жетудің баспалдағы.

Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр.

Бұл орайда, ең әуелі, жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өзгерістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай-күйін атауға болады.

Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала. Оның мақсаты күшті әрі жауапты адамдардың Біртұтас ұлтын құру болып табылады.

 

Ақтөбе облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе бас-маманы                         

Ж.Жүсіпова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.