Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамымызға зор сілкініс әкелді. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың бейнесін анықтап беріп, жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының бағдарларын ұсынды.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек»- деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзі ұлы бастаманың арқауы.
Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Тілге деген көзқарас, елге деген көзқарас екені даусыз». Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Осы тұрғыда руханият саласындағы серпіліс оқырманға елінің, жерінің тарихынан мол ақпарат алып зерттеуіне жағдай жасайды. Елбасы ұлттық рухтың әр уақытта алда тұру керектігін көрсете отырып, латын қарпіне біртіндеп көшудің уақыты келгендігін ескертеді.
Рухани жаңғыру бағыты Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай, оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабалар алдындағы қарызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап ететіні сөзсіз.
Мұғалжар ауданының
№2 аудандық сотының
кеңсе бас маманы
Г.Джанглышбаева
[xfvalue_img]