«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Мұғалжар аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оны болдырмау және оған жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Т.Анарбаев, судья А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев, сыбайлас жемқорлықпен күресу кез-келген мемлекеттің өзекті мәселесі болып табылатынын атап өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан орын алған жемқорлықтың көрінісі мемлекетіміздің нарықтық экономиканың өсуіне кедергі болуына және қоғамның билікке деген сенімсіздігін тудыруға алып келеді. Сол себепті мемлекет басшысымен, құқық қорғау органдарының жемқорлыққа қарсы күресін нығайту туралы қабылданған шешімі уақытылы және қажетті болып табылды.
Сондай-ақ, кез-келген жемқорлық әрекетке қарсы тұрып, қасақана арандату үшін іс бойынша мүдделі тұлғаның әрекеттеріне сақ болуды, іске қызығушылық танытатын іске қатысушы тұлғалармен өзара байланыс жасауға тыйым салынғандығын қоса атап өтті.
[xfvalue_img]
15 пікір