Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жемқорлықпен күрес – барша Қазақстан қоғамының маңызды міндеті. Сот төрелігінің мінсіз жүйесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатының шешуші құралы – құқық үстемдігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі діңгегі болып табылады».
Осы орайда, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңейтілген құрамында талқылап, бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары жүзеге асырылады. Судьялар мен сот қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, судьялар сот мәжілісінде істі қарау барысында процессуалдық заң талаптарын сақтауды, сот қызметкерлері тарапынан жұмыс уақытында еңбек тәртібін сақтап, заң бұзушылықтарға жол бермеуін және профилактикалық жұмыстар өткізілдеді.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде: «Жемқорлық жойылады әрі жойылуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетіміздің даму басымдықтарының бірі болып табылады. Толығымен жемқорлықты тұсаулаған мемлекет құқықтық ел атануға құқылы. Қазіргі таңда біз жемқорлық әрекеттерден түбегейлі бас тарту жолындамыз. Бұған жергілікті орындарда және жалпы мемлекеттік көлемде жемісті де түбегейлі түрдегі жұмыстар ықпал етуде», - деген ойды айтып келеді.
Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою және алдын алу іс шараларын жүргізу әр бір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы:
Г.С.Шутеева
[xfvalue_img]
1 пікір