Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы өтті. Жолдауда Мемлекет басшысымен 10 міндет қойылғанын, олардың бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді іске асыруда сот жүйесіне қатысты басымдықтың бірі ол - сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Сонымен қатар, сот жүйесі жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірлейді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.
Мемлекет басшысының талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сондықтан, оған қарсы тұру – жалпы ұлттық міндет», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқан. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту мәселесі бойынша және сот жүйесінде оған жол бермеу тиістілігі және онымен күресу – бұл әрбір азаматтың борышы.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Г.С.Шутеева
[xfvalue_img]
1 пікір