Цифрлық технологиялардың сот жүйесіндегі тиімділігі

Цифрлық технологиялардың сот жүйесіндегі тиімділігі

Бүгінгі таңда ғаламтор желісі адамдар өмірінің барлық саласында маңызды рөлге ие. Осы орайда ақпараттық технологиялардың нарықтағы  әр салада қолданылуы сөзсіз ұтымды болып табылады.

         Жалпы цифрлық технологиялардың кеңінен тарауы автоматты жүйенің күнделікті қалыптасқан жұмысты көздейтін кәсіпті азайтып, қоғамға жаңа кәсіпті енгізіп, жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін ауыстыруды қарастырады.

Бұл бағытқа көшудің негізінде адамдар технологиялық ақпараттандырумен байланысты жаңа білім алып, машықтанады.

         Ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде  халықтың әрбір мемлекеттік қызметке қол жеткізуді оңтайландырылып, автоматтандырылған күйге көшті. Ал сот саласында ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты – сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қолжетімділігін арттыру болып табылады.

         Республика соттары  болса инновациялық технологиялармен жұмыс жасауға 2014 жылдан бастап кірісті. Бүгінгі таңда сот жүйесінің дамуы жаңа кезеңді бастан кешіруде.

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ақпараттық сервистерді әзірлеу барысында ең алдымен азаматтардың мүддесін ескеріп, электронды технологиялардың халыққа қолайлы, ыңғайлы және қолжетімді болуын алға тартты.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды, оның ішінде жоғарыда аталған жобаларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетті. IТ-технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, тұтастай алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сот жұмысының сапасын, сот органдары қызметінің мобильділігін және ашықтығын арттырады. Сонымен қатар, судьялардың және сот аппаратының, азаматтардың жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған. Аталмыш технологиялардың сот жүйесінде қолданылуы халықтың сотқа деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, сот жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру үшін соттарда қазіргі заманғы инновациялық технологиялар қарқынды түрде қолданылуда.

Бүгінде сотқа интернет арқылы талап-арыздар мен шағымдарды электрондық түрде беру, құжаттар көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі азаматтармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттырды. Сот жүйесін ақпараттандыру бөлігіндегі жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдер мен атқарушылық парақтардан үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды.

Қазіргі уақытта сот жүйесінің жаңғыртылған интернет-ресурстары, сот процесінің қатысушыларын SMS-хабарлама және электрондық пошта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сот шақыру қағазы» сервистері, 1401 бірыңғай нөмірі бар сот органдарының Call-орталығы белсенді қызмет етеді.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін «Сот құжаттарымен танысу» сервисі электрондық сот құжаттарын қарауға арналған. SMS-хабарлама жөнелту арқылы сот процесінің қатысушыларын хабарландыру жүйесі, тараптарды жедел хабардар етеді, әрі пошталық хабарламалар жіберуден бас тартуға мүмкіндік береді. Осылайша пошта шығыстарына бөлінетін бюджеттік шығыстар едәуір қысқартылды.

         Барлық сот отырысының залдарын аудио-бейнежазба жүйелерімен 100 пайыз қамту Ұлт жоспарының 20-қадамында белгіленген. Бүгін сот ісін жүргізуде жарыспалылық қағидатын іске асыруға ықпал ететін, сот процестерін аудио-бейнежазбаға түсіру жүйесі енгізілген. Елордадағы барлық сот отырыстарының залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Аталмыш жүйе ең алдымен сот отырысының уақтылы басталмауы тәрізді мәселемен күресуге мүмкіндік береді, яғни сот процесінің әрбір қатысушысын тәртіпке шақырады. Сонымен қатар, жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Аудио-бейне жазбасы даулы мезеттер туындаған кезде, процестің нақты барысын қайта қалпына келтіруге, нақты деректерді белгілеуге және сот отырысының хаттамасын автоматты түрде құруға мүмкіндік береді. Әрі деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі болғандықтан, аудио-бейне жазбалар процесс қатысушыларына «Сот кабинеті» сервисі арқылы қолжетімді. «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне тіркелген кез келген тұлға өзіне қатысты іс бойынша толық мәліметті алуына мүмкіндік бар.

«Сот кабинеті» өз кезегінде электронды түрде сотқа жүгінуге мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық сервис. Сот кабинеті Қазақстанның дерлік кез келген жерінен сотқа жеке қатысуынсыз талап арызын тапсыруға қол жеткізетін сервис.

Бүгін сот жүйесіне қолжетімділік артып, барлық әкімшілік кедергілер жойылды. Сот кабинетін енгізген кезден бастап, халық оның қолайлылығына көз жеткізді.

 

Астана қаласы бойынша

Соттар әкімшісінің басшысы                                           

Ренат Тауымбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.