Цифрлы технологиясыз алға жылжу жоқ

Цифрлы технологиясыз алға жылжу жоқ

Соңғы бесжылдықта елімізде бұрын соңды болмаған бетбұрыс байқалады. Қоғамның барлық саласын қамтыған бұл өзгерістен сот жүйесі де шет қалған жоқ. Халықарлық талапқа жауап беретін заңдар қабылданып, сәйкесінше, сот жүйесінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдалану мәселесінің түйіні шешілді. Қағазбастылық пен бюрократия­лық кедергілер жойылды. Халықтың да сотқа жүгінуі кезіндегі басы артық әуре-сарсаңы азайды. Әрине, мұның бәріне ақпараттық технологиялардың көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес еді. Басқаша айт­қанда, заманауи технологиясыз алға жылжу да, даму да, бәсекелестікке қабілеттілік те жоқ.

Мемлекет басшысы өткен жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген Жолдауында еліміздің болашағы цифрландырумен тікелей байланысты екенін түсіндіріп, Үкіметке «Цифлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды тапсырған еді. Сот жүйесінің ақпараттық технология­ларды қолдану шаралары біраз ертерек басталған. Дегенмен, бүгінгі цифрландырумен байланысты бастамалардың

нәтижелі боларына зор сенім білдіреміз. Мысалы, сот төрелігінің ашықтығын қам­тамасыз етуде ақпараттық технологиялардың көмегі зор екенін күнделікті тәжірибеде көріп жүрміз. Елбасының судьялар съезінде жүктеген нақты тапсырмаларының арқасында сот жүйесі заманауи технологияларды енгізу бойынша алда келеді. ҚР сот жүйесінің Интернет ресурсы қалыптасып үлгерді. Сотқа жүгінушілердің талап арыздарын «Сот кабинеті» арқылы қабылдаудан бастап, тараптарды СМС хабарлама арқылы сотқа шақырту, тіпті сот процесін қашықтықтан жүргізуге дейінгі мүмкіндікке қол жеткізілді. Сондай-ақ, республикамыздың барлық жергілікті соттары мен облыстық кеңселері және оған теңестірілген соттары «Мемлекеттік органдардың біріңғай электрондық құжат­ айналымы жүйесіне» қосылған. Жалпы, ақпарттық технологиялардың енуі сот жүйесін заманауи әрі дамыған отыз елдің соттарымен терезесін теңеуге жол ашады деген үміттеміз.

 

Қайрат САРСЕКЕЕВ,

Астана қаласы мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.