«Құқық білгіштері» сайысы
ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде Астана қаласының 8 орта білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Құқық білгіштері» атты заң негіздерін білу бойынша қалалық сайыс өткізілді. Осы іс-шараны өткізуге атсалысу мақсатында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Абиятова Т.Р. әділ қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты.
Іс-шара дарынды оқушыларға колледждегі оқуға 30%, 50%, 100% ішкі гранттарды бөлуге бағытталған.
Сайыстың жеңімпаздары № 42 орта білім беру мектебінің оқушылары болды.
Астана қаласының кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір