Әлеуметтік желілердегі ЭКСПО-да балалардың жаппай улануы туралы хабарлама жалған болып табылады
Әлеуметтік желілердегі ЭКСПО-да Атырау облысы Құлсары қаласының № 15 орта мектебі 40 оқушысының жаппай улануы туралы хабарлама жалған болып табылады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша 40 баланың жаппай улану фактісі бойынша шұғыл хабарламалар түспеген.
Сондай-ақ, Атырау облысының білім басқармасының мәліметі бойынша жоғарыда аталған оқу орнының оқушылары ЭКСПО-ға а.ж. 17 тамызда шығуды жоспарлауда.
Бүгін «Facebook» қолданушысы Айдос Садыков өзінің парақшасында Атырау облысы Құлсары қаласының 40 оқушысы ЭКСПО-да уланғандығы туралы айғақсыз мәлімет жариялағанын ескертеміз.
[xfvalue_img]
7 пікір