Рухани жаңғыру ұлттық сананы қалыптастырудың кемелденген жолы

Рухани жаңғыру ұлттық сананы қалыптастырудың кемелденген жолы

Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласында мемлекеттік иделогияның жаңа бағыт-бағдары белгіленген. Үшінші жаңғыру негізінде қайта даму жолына көшкен еліміздің ұстанған бағыты айқын, ол 30 дамыған елдердің қатарына кіру.

Рухани жаңғыру әр елде үнемі салтанат құратын, ауқымды іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтитын жұмыстар.

Тағдыр тәлкегін бастан кешірген қазақ елінің кемел болашаққа берері көп. Ата – бабамыз аялап қалдырған асыл мұрамыз, әдет-құрпымызды ұрпақтан ұрпаққа дәріптей келе, ой санамызды дамыту әр азамат алдына қойылған міндет. Осыған қарамастан, ұлттық кодты санаға сіңіріп, заман талабына сай келу мақсатында жаңа жаңғыру үлгісін бойға сіңіру қажет.

         Сана жаңғыртудың бәсекеге қабілеттілік бағыты жалпы барлық саланы қамтиды. Оның ішінде сот жүйесінің тәуелсіздігі көрсеткіштерін арттыру да қарастырылады. Бұл бағытта сот  жүйесінде тың өзгерістер орын алды. Халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мен сот өндірісін айтарлықтай жеңілдету мақсатында бірқатар реформалар жүргізілді. Соттар қағаз құжат айналымнан цифрлық жүйеге өтіп, құжат айналым электронды түрге кезеңмен өте бастады.  Қазіргі таңда электронды түрде талап арыздар жолданып, сот отырыстары да онлайн түрде өткізілуде.

         Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, ұмыт болып бара жатқан дана-би, ғұламала бабаларымыз қалдырған рухани мәдениетті ұрпақ санасына сіңіру арқылы ұлттық сананы кеңейту қажет. Сот саласында да көптеген дана билердің мән-мағынасы терең нақыл сөздері әлі күнге дейін қолданыста.

Мысалы, Түркі қағанатында қолданылған құқық жүйесінің элементтері қазіргі қылмыстық және әкімшілік заңнамада көрініс тауып отырғанын атап өткен жөн. Қазақ хандығы тұсында билер биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары бойынша қызметтерді қатар атқарған.  Билер хандармен және сұлтандармен бір деңгейде ел басқару ісіне қатысқан. Бас уәзір, халықтың ерекше құрметіне ие болып, Хан кеңесіндегі ықпалды тұлғаға айналған.

1465 жылдан бастап, Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығын құруымен заңнамалық база қалыптасты. Ал «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ сот жүйесінің негізін қалады. Аталған жарғылар сол дәуірдегі құқықтық қатынастарды реттеумен қатар, қоғамдық келісімді сақтауға ықпал етті. Сондықтан да бұларды өз заманының Конституциясы деуге толық негіз бар деп айтуға болады . 

Өз кезегінде халықты бірлік пен тәуелсіз мемлекет құруға шақырған  ұлы, орта және кіші жүздің басты билері – атақты Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің тікелей қатысуымен дәстүрлі құқық нормаларының жиынтығы ретінде «Жеті жарғы» әзірленді. «Жеті жарғы» әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқықтың нормаларын қамтыды.

Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлы атамыздың даналығымен 1885 жылы билер құрылтайында дәстүрлі құқық реформасын көздеген заң  - «Абайдың 96 бабы» немесе «Шар ережесі» қабылданды. Аталған ереженің көптеген нормалары тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заңдарымен сабақтасып келеді. Бұларға куәгерлердің айғақ беруі, жалған куәлік еткені үшін жауаптылық, сот шешімдерін бір айдан кешіктірмей орындау секілді нормалар жатады. Абай сонымен қатар дауларды әділ шешуге зор үлесін қосты. Съезде қабылданған ереже – сол заманның Азаматтық процестік кодексі болып табылады.

Бұл құндылықтардың барлығы туған жердің тарих қойнауынан  кейінгі ұрпаққа келіп жеткен дүниелер. Осы аталған рухани мәдениетімізді жолғалтып алмай,  ой-санаға құя отырып, ұлттық сананы дамыту арқылы рухани жаңғыру әрбір азаматтың парызы.

Ұлттық мәдениет пен ұлттық рухты сақтау арқылы ғана ел дамиды, болашағы жарқын, мықты мемлекет салтанат құрады.

Рухани дамудың әрбір себілген тұқымы отбасынан бастау алады десек қателеспейміз. Себебі, тіл, салт-дәстүр, мәдениет, ұлттых рух пен сана ана сүтімен балаға дари келе, кейін жасөспірімнің  отбасы ошақ қасында алған тәрбиесімен ұштасып, кемел елдің ер азаматы қанына сіңеді. Ал ұрпақтың отбасында салиқалы тәрбие алуына жауапкершілікті артатын ата мен ана.  Ұлттық рухы мықты, білімі халықаралық дәрежеге сай, жүрегі «туған жер» деп соққан патриот сезімі лаулаған ұрпағы бар елдің  алар асулары аз емес.

Кең байтақ елі, ұлан-ғайыр жері мен рухани байлығы бар қазақ елінің  ертеңі өшпейтін өркениетті ел құру жолында әр отбасы мүшесі, әр саланың маманы аянбай тер төксе,  жарқын болашаққа жетелейтін шыңдарды бағындарытынымыз сөзсіз.  

 

Ренат  ТАУЫМБЕКОВ,

Астана қаласы Соттар әкімшісінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.