Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамымызға зор сілкініс әкелді
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамымызға зор сілкініс әкелді. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының бағдарларын ұсынған.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазіргі таңда латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.»
Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.
Рухани жаңғыру бағыты Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабалар алдындағы қарымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы А.Қоханова
[xfvalue_img]