Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет

Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы Халық назарында. 31.01.2017 жылы баршаңызға мәлім болғандай, Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» аясындағы жолдауын Халыққа жеткізіп, Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңындағы сөздерін арнап, өткен шаққа көз жүгіртіп, алдағы іс шараларды межеледі.

Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы өзінің мазмұны жағынан ерекше құжат болып табылады. Жол­дауды «Экономиканы құры­лымдық жаңар­тудың негіз­гі бағыттары дәл, әрі жан-жақ­ты көрініс тапқан, жалпы қоғам­ға арналған жол картасы» - деп атап өтуге болады.

Жақында ғана атап өткен Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне енуі, Алматы қаласында тұңғыш рет өткізіліп жатқан Универсиада-2017 спорт ойындары және де ашылу мерзімі таяп қалған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жөнінде Жолдауда зор мәртебемен атап өтілді.

Бұл саяси маңызды жетістіктерге әлемдік деңгейде ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып қол жеткізілгені мәлім.

Осы саяси іс шаралар қатарына, 21.11.2016 жылы өткізілген Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII-съезін де айта кету қажет.

Бұл жиылыс, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзінің тікелей қатысуымен өткізіліп, Елбасы сот жүйесіне тағы да зор серпіліс берді. Судьялардың әдеп кодексі қабылданып, Қазақстан Республикасының судьяларының халық пен ел игілігі жолындағы жауапты қазметті жоғары стандарттарға сәйкес іске асыруын тағы да нақтылады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында, Халықтың сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажеттігін және судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жоюдың маңызды екенін атап өтті.

Яғни, Елбасы қоғамның сотқа деген сенімін арттыру аясында маңызды іс шараларды тұжырымдады.

Бұл әрине, сот жүйесіне жоғарғы жауапкершілік жүктелгенін ескертіп, зор үміт артылғанын білдіреді.

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар аудандық сотының төраға м.а Ж.М.Сейтжапаров

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.