Қазіргі заманғы әлемдегі әйелдер

Қазіргі заманғы әлемдегі әйелдер

Еліміздің  Президенті  Н.Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиясында: « Әйелдер - отбасының, демек мемлекеттің  тірегісіздер». «Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды» деп  айтқандай, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен  аналарымызсыз қоғамды елестету  мүмкін емес.

Еліміздің саяси өміріне қатысу барлық халық топтарының тең   құқықтары мен тең мүмкіндіктерін  қамтамасыз ету - құқықтық мемлекетті  құрудың қажетті алғы шарттары.

Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ұмтылуды растау мақсатында, Қазақстан Республикасы 1979 жылы 18 желтоқсанда  қабылданған нәсілдік әйелдерге қатысты кемсітудің  барлық түрлерін  жою туралы Конвенцияға қосылды.

Конвенция саяси салада әйел мен еркектің тең құқықтылығын  үш жағдаймен байланыстырады. 

Қатысушы мемлекеттер әйелдерге ерлермен тең жағдайда құқық берілуде:
      а) барлық сайлауда және ашық референдумдарда сайлауға қатысуы, және барлық халық сайланатын органдарға сайлануына;
      b)  үкімет саясатының құрылуы мен іске асуына қатысу және мемлекеттік қызмет орындарына орналасуға, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде мемлекеттік қызметті атқаруға;
      c) елдің саяси және қоғамдық өмірінің проблемасымен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар мен ассоциациялардың ісіне қатысуға.

 «Әйелдерге қатысты кемсіту» ұғымы әйелдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез-келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын олардың отбасылық жағдайына қарамастан, ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде пайдалануын немесе іске асыруын әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаратын жыныс белгісі бойынша кез келген айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді.

Әйелдер мен еркектердің мемлекеттік органдардағы өкілдіктері   халықтың  арасындағы  санына  пропорционалды болуы керек.

Осыған орай,  қазіргі  қоғамдағы әйелдердің  саяси  рөлі  соңғы он жыл ішінде  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырауда,  әрине  мәртебесі де  іс жүзінде  өзгерді.

Мемлекеттік саясаттың маңызды  бағыттарының бірі - қазіргі заманғы  қазақстан қоғамында  гендерлік саясатты іске асыру  болып табылады. Гендерлік саясаттың мақсаты -  нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу. Ол қалыптасқан  дәстүрлі гендерлік таптаурыны бар барлық азаматтардың таңдау бостандығы мен шектеуге негізделмеген  өзінің  жеке қабілеттерін дамыту үшін  іс әрекеттердің  бостандығына ие болуды  білдіреді.

Гендерлік саясатты  жүзеге асыру - демократияға қол жеткізудің  басты факторының бірі болып табылады.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан әйелдерінің бірінші съезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлауында  әйел- кандидатураларға  белсенді дауыс беруді,  еліміздегі гендерлік саясатты іске асыру бойынша түбегейлі  шараларды ұсынды.

Мемлекет басшысы  еліміздің саяси  өміріне  әйелдердің қатысуын  кеңейту бойынша  жоспар әзірлеуді тапсырған.

Осыған байланысты, 2005 жылы Қазақстанда  Президент Жарлығымен әйел мен еркектердің тең құқықтары  көрсетілген «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» әзірленіп,  қабылданды.  

Осы маңызды  құжат нормасының сақталуы мен орындалуына жауаптылық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына жүктелген.

Он жылдық кезеңде гендерлік теңдік жобасы бойынша жұмыс өзінің  оң нәтижесін көрсетті.

Мәселен, елімізде "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" және "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы  туралы" гендерлік бағдары бар  екі заң  қабылданды.

Қазіргі уақытта   «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» әзірлеу  аясында  ұсыныстар  пайда болды.

Жыл сайын  Қазақстан Республикасының атқарушылық билік органдарында  әйел басшылардың   саны  артуда, жоғарыда атап өткендей,  депутаттардың саны артты, сот  билігінің мемлекеттік билік тармағында да  оң нәтиже бар.

Күні кешеге дейін нәзікжандылардың қатарына  саналып келген әйел заты бүгінде саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге  түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Республикамыздың сот жүйесінде де әйелдер айрықша орынға ие. Олар сот органдарында қызмет атқаратын барлық қызметкерлердің жартысынан астамын құрайды. Бұл, көбінесе, әйелдер табиғатының шиеленістерді шешуге бейімділігімен, айрықша шыдамдылығымен, аса байыпты әрі салиқалы шешім қабылдауымен байланысты болса керек.

Оған Астана қаласының аудандық және оларға теңестірілген соттардағы  әйел-судьялар санының  өсуі    айырықша мысал бола алады.             Мәселен, нақты жұмыс істеп жүрген 122 судьялардың жалпы санының  75 немесе  61,5 пайызын  әйелдер құрайды.

Астана қалалық сотында да осыған ұқсас жағдай, мұнда әйел - судьялар 58,1 пайызды құрайды.

Жалпы, кез келген қоғамда қазіргі  заманғы демократиялық нормалар мен  нысандардың дамуы ерлер мен әйелдердің барлық  қоғамдық  өмір салаларында  мемлекет, отбасы және т.б. шешімнің қабылдауына тең  қатысуын шамалайды. 

Елбасы 2013 жылдың 1 наурызында «Отбасы күнін» тағайындау және оны   қыркүейк айының екінші  жексенбісінде атап өту туралы  Жарлыққа қол қойған болатын. Отбасы  барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және  тарихи мұрасы сақталатын  алтын ұя, қоғамның іргетасы  саналып келеді.  Осы құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу игі дәстүрге айналған.

Қазақстан былтырғы жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік индексіне сәйкес әйел мен еркектердің теңдік деңгейі  бойынша рейтингте 144 әлем елдерінің арасында 51 орынға ие болғанын атап өткен жөн. 

Қорытындылай келе, өркениетке бет бұрған қоғамда  әйелдердің парасаттылығын қолданса, барлық жерде  тәртіп те, ізгілік  деңгейіміз де  жоғары болатын даусыз. Кез келген  жағдйада  өз білімін  сеніміне айналдырған, жаңалыққа құмар, ой өрісі  жоғары, мәдениетті  әйел адамдарымыз  келсе, ол  жерде саяси  әлеуметтік тұрақтылық  үстем болады деген сенімдемін.

 

 

Астана қалалық сотының судьясы                                     

Ә.Е. Қасенов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

17 пікір

  1. аватар
    Dolly 23 сентября 2023 03:25

    Hello! I just wanted to ask if you ever have any problems
    with hackers? My last blog (wordpress) was hacked and I ended up losing several weeks of hard
    work due to no back up. Do you have any solutions to stop hackers?


    Feel free to surf to my blog; Carmen

  2. аватар
    Emilie 3 февраля 2024 19:45

    Hello there, I discovered your blog by means of Google
    whilst looking for a similar matter, your website came up,
    it looks good. I've bookmarked it in my google bookmarks.

    Hi there, just become aware of your weblog via Google, and located that it's really informative.
    I'm going to be careful for brussels. I'll be grateful in the
    event you continue this Wo kann ich nomexor in Österreich kaufen future.

    Lots of other folks shall be benefited from your writing.
    Cheers!

  3. аватар
    Howard 24 августа 2024 13:18

    гадание на пол ребенка онлайн, самая точная таблица определения пола ребенк
    чему снится змея женщине замужней которая пытается укусить
    а почему он холоден
    ко мне гадание, почему он охладел таро 16 августа 2001 знак зодиака
    к чему снятся золотые украшения подаренные мужем к
    чему снятся три волки

  4. аватар
    Tyson 9 октября 2024 01:43

    бакай тобы - ким кинали скачать,
    бакай тобы ак кайын скачать ең таза қала,
    ең таза мемлекет крыша кз талгар долгосрочная
    аренда домов, крыша кз талгар аренда квартир мульти вумен цена, мульти вумен биосфера

    My web site: дос туралы эссе 100 сөз

  5. аватар
    Bert 10 октября 2024 16:15

    қазақ поэзиясы және ұлттық идея, қазіргі қазақ поэзиясы жүкті
    әйелге кесек жеуге болама,
    кесек жеу харам ба де нол інструкція, какие лекарства нельзя принимать вместе
    уменьшительно ласкательное имени дарья, карма имени дарья

    My homepage; 10 сынып эссе тақырыптары

  6. аватар
    Delores 24 октября 2024 09:56

    қазақстан климаты күн радиациясы, оңтүстік қазақстан климаты 7 мкр 54 дом тараз,
    план города тараз сб верховного суда рк, как написать письмо в верховный суд рк дене импульсі және күш импульсі презентация, дене 10 с бойы 5 н күш әсер етеді

    Feel free to surf to my web page - мәшһүр жүсіп нақыл сөздері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.