Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі

Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі

Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әр түрлі. Гендер мәселесіне жан-жақты қарау қажет. Көбі гендерлік саясатты әйелден еркек жасау деп түсінеді.  Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылады. Елбасымыздың жарлығы бойынша ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылып отыр. Демек, ерлер мәселесі де назардан тыс қалмайды. Мысалы, ауруханаларда әйелдер қаралып, емделетін гинеколог дәрігерлер бар. Ал, ерлер денсаулығын қарап, тексеріп, ақыл-кеңес беретін андролог мамандар аз. Осындай мәселелер шешілуде.

Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс.

Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.

Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

Отбасының тізгіні ер адамға жауапкершілік ретінде жүктеледі. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы. Сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқорлықты жалқаулыққа айналдырмаса дейсің.  Өйткені, елімізде әйел адамның бәрі бірдей өз құқын біліп, қорғай бермейді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да сол себептен дейді мамандар. Ең бастысы әйел адамның туа бітісі нәзік жан ұмытпауымыз керек.  Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында.

Гендерлік саясатты дамыту, әйел мен еркектің теңдігі мәселелерін жолға қою ісі айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп елірте беру емес. Бұлай түсіну қисынсыз. Кейбір әйел заты қиындыққа шыдамай, еркекше шылым шегіп, шарап ішіп, бұзылған. Бұл дегеніміз біздін қазаққа жат қылық. Бірақ гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы  тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс. Бүгінде елімізде биліктен, саясат әлемінен бой көрсетіп жүрген қазақ әйелдері жаңа заманның жаңа үлгісіндегі Раушандар. Демек, бізде тәуелсіз Қазақстанның жаңа образды Раушан «коммунистері» өсіп келеді.

Олай болса, қазақтың есті әйелінің бейнесі қашан да мынадай. Ол -  «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді».

Гендірлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Әйел құқығы - ол адам құқығы, гендірлік тендік әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді.

Гендірлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.

 

Кенжегарина Салтанат

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.