Әйел құқықтарын қамтамасыз ету әрқашан жетілдіріліп отыруы қажет

Әйел құқықтарын қамтамасыз ету әрқашан жетілдіріліп отыруы қажет

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдерге қатысты кемсіту­дің барлық нысандарын жою ту­ралы конвенциясын 1998 жылы рат­и­фикациялаған болатын.  Қазақстанмен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Некедегі әйелдің азаматтығы туралы» Конвенциялары бекітілді. Қазақстан адам құқықтарына қатысты  халықаралық  конвенцияларға,  шарттарға қосылды.

Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестірген болатын. Оның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы  және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі төмендегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп  түсінуге болмайды. Гендер – тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс.          

Елімізде  әйел құқығының толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ешкімнің әлеуметтік жағдайына, жынысына, ұлтына қатысты ешкімнің кемсітілмейтіні бекітілді.

Қазақ халқы сонау атам заманнан бері қыз балаға құрмет көрсетіп, қадірлей білген.  Қай қазақтың үйінде болмасын қыз балаларына қонақ деп, төрден орын беріліп, әрқашанда сыйланды, бұл халқымыздың ерекшелігі.

Халқымыздың тарихына қарасақ, «жер дауы», «жесір дауы» деген тарихи түсініктер бар. Жер дауы түсінікті ол туған жерге, Отанға қатысты даулар. Ал, «жесір дауы» дегеніміз қыз затына қатысты өз заманының құқық жүйесіне сай, әйел затының құқығы бұзылса аталарымыздың соғысуға дейін барып, сол дәуірдегі әйел затының құқығы үшін өлімге бас тіккендерін көрсетеді. Яғни әйел құқығының қамтамасыз етілуі, сақталуы қазақ халқында бұрыннан бері қалыптасқан және оған үлкен мән берген деуге болады.

Жалпы алғанда халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, мақал-мәтелдері ер адаммен әйел затының өздеріне тән ерекшеліктері барын, олардың сондай ерекшеліктерге байланысты  кемсітіліуге болмайтынын, ер адамсыз әйел, әйел адамсыз ер өмір сүре алмайтынын  көрсетеді.

Сондықтан әйел құқықтарын жүзеге асыруға, қамтамасыз етуге заңнамалық тұрғыдан барынша  мүмкіншілік жасалуы тиіс және бұл әрқашан жетілдіріліп отыруы қажет.

 

Ақтөбе облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы                                                

А.Сабыров

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.