Бұзақылар жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласты
Мұғалжар аудандық соты 2017 жылдың 30 қазанда аз. Ж., А., Б. және Р. қатысты ҚР ҚК-нің 293 бабының 2 бөлімі 1 тармағымен бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты айыптау бойынша қылмыстық іс түсті.
Іс материалдарында, аз. Ж., Б., А. және Р., 13.10.2017 жылы төртеуі, Қандыағаш қаласында, «А» кафесінде спирттік ішімдігі – сыра ішіп отырғандарында, Б. кафесінің дәлізінде аталған кафеге келген жәбірленушімен К.мен иығы түйсіп қалып, екеуінің арасында өзара түсініспеушілік болған нәрсені сылтау қылып, бірінші болып аз.Б. жәбірленуші К.-ның бет тұсынан басымен бір рет соққы жасап, оның қасында болғандар аз. Ж., А. және Р. бұзақылық іс-әрекетін қолдап, жәбірленушіге К. күш қолданып, соңғының денесінің әр жерінен қолдарымен бірнеше рет қасақана ұрып-соғып, тән ауруын келтіріп, сотталушылар Ж., Б., А. және Р. адамдар тобы болып, қолына кафе ішінде тұрған ағаш орындықты алып, аталған орындықпен жәбірленуші К. бас тұсынан бір рет қасақана ұрып, әрі қарай, Р. қолына стол үстінен сыра бокалының бос ыдысын алып, аталған бокалмен жәбірленуші К. денесінің әр жерінен бірнеше рет ұрып, соңғыға тән ауруын келтіріп, кафе жиһаздары мен ыдыстарын сындырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сот отырысында сотталушылар Б., Ж., А. және Р. жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқанын, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.
Сот, ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотталушылар Б., Ж., А. және Р. жәбірленушілер К. және Б. медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.
[xfvalue_img]