Тараптар медиативтік келісімге келді
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы Б. жауапкерлер Б., К., Ж. және Л.-ге қатысты бережақты өндіру туралы 4 азаматтық ісі қаралды.
Аталған талап арыз соттың іс жүргізуіне оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қабылданды.
Сотқа тараптардан жасасқан дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш түскен.
Ұсынылған дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім шарттары бойынша жауапкерлер талап қоюшыға қарызды 2017 жылдың 13 қарашасына дейін өтеуге міндеттенеді. Талап қоюшы жауапкерлермен жасасқан медиативтік келісім шарттарымен келіседі.
Сотпен медиативтік рәсім тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымдары заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
16 пікір