Сот пен бақ арасындағы диалогты жақсартқан дұрыс

Сот пен бақ арасындағы диалогты жақсартқан дұрыс

Бүгінгі күні сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығы қоғамымызда көз үйренген дағдылы көрініске айналды.

Бұған соңғы жылдары соттар­да қаралатын дау-дамай­ларға бұқаралық ақпарат құрал­да­рының қатысуы арқылы әділ төрелік жасалатындығы нақты дәлел бола алады. Мұғалжар аудандық сотындағы осы бағытта атқарылған көптеген шаралар республикалық және жергілікті деңгейдегі баспасөз басылымдарында жарияланып, судьяларымыздың сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс­тердің қаралу тәртібі мен ме­диа­ция, гендерлік саясаттың маңызы және тағы да басқа құқықтық тақырыптар жөніндегі мақалалары және сотпен қаралған істер туралы ақпараттар  жергілікті басылымда «қылмыс пен жаза» айдарында  жарық көрді. Сол мәселелердің басым көп­шілігі жергілікті және Республикалаық газет  бетінде жарық көргенін  айта кеткен ләзім.

Бұл материалдар өзінің мәні мен мазмұны жағынан Мемлекет басшысының судьялардың съез­дерінде айтқан ойлары мен сот жүйесіне жүктеген мін­дет­­терімен тығыз сабақтасып жатыр. Елбасымыздың: «Қоғам­ның беделі соттардың атқарған қыз­метіне қарап бағалана-ды», – деген пікірінде үлкен өмір шындығы жатқандығын жоқ­қа шығара алмаймыз. Ол адам тағдырын таразылайтын әр­бір судьяның әділ төрелік жасар кездегі өлшемі мен биік ұстанымына айналуы тиіс. Демократиялық қоғам құрудағы басты талаптың бірі – әділ сот төрелігі арқылы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, олардың мүдделерін қорғау болып табылады.  Алайда, тәжірибеде сот төрелігіне жүгін­ген екі тараптың да талап-тілегін қанағаттандыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Көп жағ­дайда әділдік іздеп келген екі тараптың бірі ұтылып, үлкен өкпемен кетсе, екіншісі сот төрелігіне ризашылығын білдіреді.

Сондай кездердегі ең қиыны – жеңіліс тапқан тарапқа олардың іс- әрекетінің заң талабына қайшы екендігін түсіндіру. Сондықтан да, соттар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарапайым халықтың құқықтық сауа­тын көтеруге көп көңіл бөліп отыра­ды.  Мұғалжар аудандық сотының судьяларымен және сот қызметкерлері еңбек дауларын қараудың негізгі аспектілері, наша­қор­лықтың зиян­дылығы, медиация, элек­тронды талап арызды сотқа жолдау, мұра қалдыру, әкім­шілік жауапты­лық, сотқа құрмет білдірмегені үшін жауаптылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық, тағы да басқа көптеген тақырыптар бойынша жұртшылыққа құқық жөнінен қажетті мағлұмат бере­тін көптеген материал­дар жарияланды.

Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам мен сот жүйесі арасын дағы диалогты жақсартуымыз қажет. Халық пен билік арасындағы алтын көпір десем артық болмас. Біздің міндетіміз бір. Ол – қоғамдық мүддені қорғау. Біз тек қоғамдық мүддені қорғау арқылы ғана өз миссиямызды жүзеге асыра аламыз. Тәуелсіз сот және БАҚ нағыз демократиялық мемлекеттің тірегі. Сондықтан, халықтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді деген сенімдемін.

 

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.