100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 13-қадамын іске асыру шеңберінде енгізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау институты өзінің тиімділігін көрсетуде
100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 13-қадамын іске асыру шеңберінде өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес үшін маңызы бар 16 салаларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды көздейтін ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойды.
2017 жылғы 8 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өрт және өндірістік қауіпсіздік салаларында жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өтті.
Кеңеске қатысушылар атқарылған жұмыс қолданыстағы заңнамада қарама-қайшы пікірлерге негіз болатын және бизнеске кедергі келтіретін нормаларды анықтағанын атап өтті. Бұл жүйелік проблемалардың сыбайлас жемқорлыққа мүмкіншілік тудыратын жағдай болып табылады.
Аталған салаларда рұксат беру және бақылау сипатындағы өкілеттіктердің елеулі массиві шоғырланған. Іс жүзінде әрбір функция рұксат беру әрекеті болып табылады.
Осыған байланысты, аталған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мұқият талдау жүргізу қажеттілігін туғызады.
Осылайша, Агенттікпен а.ж.-дың басында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 20 ұсынымдар енгізілді, 14-і орындалды, қалған 6-ы орындалу барысында.
Сонымен қатар, кеңесте қазіргі заманғы енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың оң нәтижелері ретінде өрт қауіпсіздігі саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың азаюы жеке атап өтілді.
Бұған құқықтық статистика дәлел. Оған сәйкес 2016 жылы аталаған салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 16 іс болса, 2017 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тек қана 3 факт тіркелді.
Сондай-ақ кеңеске қатысушылар өндірістік қауіпсіздік саласында келесілермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажет деген пікірге келді:
- аталған саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар мен олқылықтарға қатысты;
- өндірістік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік инспекторлардың дискреттік өкілеттіктердің бар болуына қатысты («Азаматтық қорғау туралы» Заңның 39-бабына сәйкес өндірістік мемлекеттік инспектордың ерекше жағдайларда кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұруға немесе тыйым салуға құқығы бар);
- тексеріс нәтижелері туралы акт және өндірістік қауіпсіздік туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама арасындағы келіспеушіліктерге қатысты («Гелиос» ЖШС тексеріс қорытындылары бойынша 10 бұзушылықтар анықталды, бірақ енгізілген нұсқамада олардың тек 4 көрсетілді).
Кеңес қорытындысы бойынша Агенттікпен 37 ұсынымдар енгізілді, олардың 68% нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған, ал 32% ұйымдастырушылық-басқару қызметте.
Жалпы, Агенттіктің аумақтық департаменттерімен және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен атқарылған жұмысты қорытындылай келе, уәкілетті орган 6 ай ішінде енгізілген ұсыныстардың орындалуын кейін министрліктерге және комитеттерге шығу арқылы бақылайтынын атап өтілді.
[xfvalue_img]