Сотпен медиациялық келісім бекітілді
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына дара кәсіпкер «Б» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.
2016 жылғы 1 наурызда тараптар арасында 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін автокөлік жалдау шарты жасалған, шартқа сәйкес мерзім 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін созылған. Шатрқа сай талап қоюшымен қабылдау-өткізу актісі бойынша жалға автокөлік құралы берілді. Алайда, жауапкермен шарт бойынша міндеттеме орындалмаған.
Сот отырысында тараптардан келесі шарттарда медиация жүргізу және дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту туралы 2017 жылғы 24 қазандағы өтінішхаті келіп түсті:
Жауапкер «Б» ЖШС 2017 жылғы 1 қарашаға дейін талап қоюшыға 6 886 000(алты миллион сегіз жүз сексен алты мың) теңге көлеміндегі негізгі қарыз бен өсімпұл сомасын, сонымен қатар 350 000 (үш жүз елу мың) теңге көлемінде өкілдік қызметті төлеуге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
206 805 (екі жүз алты мың сегіз жүз бес) теңге көлемінде дара кәсіпкермен төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]