Азаматтық іс бойынша сот бітімгершілік келісім бекітті.
«С» ЖШС-гі Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Т» ЖШС-гін 04.01.2017 жылғы және 02.05.2017 жылғы жеткізілім шарты бойынша өзара есеп айырылысу салыстыру актісіне қол қоюға міндеттеу, 10 119 565 теңге көлемінде қарыз, 505 978 теңге тұрақсыздық, 100 000 теңге өкілдік шығындар мен мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.
Сот отырысы барысында тараптардан келесі шарттармен бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті:
- «Т» ЖШС-гі талапты толық көлемде мойындайды және бітімгершілік келісім бекітілген сәттен 15 күнтізбелік күн ішінде өзара есеп айырылысу салыстыру актісіне қол қоюға міндеттенеді.
- «Т» ЖШС-гі «С» ЖШС-не жеткізілім шарты бойынша 10 119 565 (он миллион жүз он тоғыз мың бес жүз алпыс бес) теңге және 100 000 (жүз мың) теңге адвокат қызметіне төлеу түріндегі шеккен сот шығындары сомасын бітімгершілік келісім бекітілген сәттен 30 күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндеттенеді.
- «С» ЖШС-гі өзінің талаптарынан бас тартады.
- Жауапкермен шарт талаптары орындалмаған немесе уақытылы орындалмаған жағдайда «С» ЖШС-гі «Т» ЖШС-нен берешек сомасын мәжбүрлі өндіру туралы атқару құжатын шығару үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Бітімгершілік келісім уәкілетті тұлғалармен қол қойылған, заңға қайшы емес және үшінші тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндіктен, сот бітімгершілік келісімін бекітуді анықтады.
Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
[xfvalue_img]