Бітімгершілік келісім бекітілді
Дара кәсіпкер Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Л» ЖШС-нен 3 968 662 теңге сомасында берешек өндіру туралы талап арызымен жүгінді, онда тараптар арасында 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №28 автокөлік құралдарын жалдау шарты жасалғандығы көрсетілген. Жауапкермен төлемге байланысты міндеттеме орындалмаған.
Тараптардан келесі шарттармен бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті: жауапкер талап арызда көрсетілген жалпы сомасы 4 008 349 (төрт миллион сегіз мың үн жүз қырық тоғыз) теңгеге талап қоюшының талабын ішінара орындауға міндеттеме алады.
Жауапкердің мүлкінен ауыртпалықтың барлық түрі алынғаннан кейін талап қоюшыға 3 (үш) банктік күн ішінде 3 968 622 (үш миллион тоғыз жүз алпыс сегіз мың алты жүз жиырма екі) теңге көлеміндегі қарыз сомасы төленуге жатады.
Бітімгершілік келісім уәкілетті тұлғалармен қол қойылған, заңға қайшы емес және үшінші тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндіктен, сот бітімгершілік келісімін бекітуді анықтады.
Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
39 687 (отыз тоғыз мың алты жүз сексен жеті) теңге көлемінде мемлекеттік баж қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
17 пікір