Әкімшілік жауаптылықтың қоғам үшін маңыздылығы

Әкімшілік жауаптылықтың қоғам үшін маңыздылығы

Кез-келген құқық бұзушылық әрекет етуші заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттен тұрады. Бұл қарама-қайшылықты белгілі-бір тұлғаның құқық нормасын бұзу арқылы мемлекетпен дауға түсу деп білуге болады.

Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарын бұза отырып, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауаптылыққа  тартылуыға әкеліп соғатын қылмыстық әрекеті болып саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жеке тұлғаның немесе мекеменің әрекет немесе әрекетсіздігінен туындаған құқыққа қайшы іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Әкімшілік заңнаманы бұзушылықтар Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен реттеледі. Көп жағдайда құқық бұзушының кейбір әрекеттерге тыйым салынғандығы туралы білмеуі орын алып жатады. Бірақ бұл мән-жайлар құқық бұзушыларды  жауаптылықтан босатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық барысындағы қол сұғылатын нысандар ретінде қоғамдық тәртіп,  халықтың денсаулығы, экология және т.б. танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазалану белгілерімен сипатталады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан айырмашылығы жасалған іс-әрекеттің қоғамға елеулі зиян келтірмейтінінде, яғни қылмыстық заңнамада көзделген түсінікпен салыстырғанда бұл әрекеттерде қоғамдық қауіптің белгілері жоқ. Бірақ, кейбір іс-әрекеттер құқық бұзушылықпен қатар қылмыс ретінде де танылады, бұл іс бойынша тікелей келтірілген залал мен басқа да мән-жайларға байланысты.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдардың, билік уәкілеттері бар лауазымды және өзге тұлғалардан қорғауға, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғауға, және олардың жасалуының алдын алуға негізделген. Ал жеке адамның Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылады.

Жалпы әрқилы формадағы ұқыпсыздық (өзімшілдік, немқұрайлылық, шашыраңқылық) отбасына қарсы, жол жүру, кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, сәулет-құрылыс, өнеркәсіп, жылужәне т.б.  салаларындағы құқықбұзушылықтарға алып келеді.      

Әрбір әкімшілік жазабойынша заңнамамен жазалану көзделген.Жаза  тағайындау әкімшілік жазаның басты мақсаты емес. Бұл субъектіні заң және тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, әрі құқықбұзушының жаңа тәртіп бұзушы әрекеттерге бармауына, өзгелерге сабақ болуына бағытталған.

Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаның адами қадір-қасиетіне, заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіруді көздемейді. Керісінше, заңнамада көзделген нормалар арқылы тәрбиелеу мәні бар жазалармен сабақтасады. Яғни, түптеп келгенде әкімшілік жазаларды қолдану практикасының негізгі мақсаты  әкімшілік және өзге құқық бұзушылықтардың ізін кесіп, қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Биыл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

         Әрекет етуші заңнамаға сай, әкімшілік жазаның он түрі бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту жасау;
  • әкімшілік айыппұл салу;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
  • арнаулы құқықтан айыру;
  • лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
  • жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
  • заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
  • әкімшілік қамауға алу;
  • шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға осы баптың бірінші бөлігінің 1)-8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.

         Әкімшілік құқық бұзушылықтар қоғамға елеулі зардап келтірмейтіндіктен, заңнамамен бекітілген жазалар түрін қолдану  жалпы қылмыстың алдын-алу элементін құрайды.
         Заңмен бекітілген жаза түрлері қатаң түрде жеке адамның басына немесе заңды тұлғаға құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу (келешекте құқық бұзушылық жасаудың алдын алу) мақсатында тағайындалады.

         Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша көп кездесетін жаза түрінің бірі ретінде айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін ақшалай жаза танылады.

Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.

Лауазымды адамға, жеке нотариусқа, адвокатқа, дара кәсіпкерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Жеке кәсіпкерге және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

Сот шешімімен айыппұл мемлекет кірісіне
өндіріледі.

Әкімшілік жазаның барлық түрлері қоғамның өмір сүруінің кез-келген саласында азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзушылықтарымен күресетін басты құқықтың құралы іспеттес. Яғни, әкімшілік қамауға алу қысқа мерзімге бас бостандығымен айырумен байланысты болса, әкімшілік айыппұл мен мүлкін тәркілеу материалды жағынан соққы болып тиеді.

Ал, «ескерту» түріндегі жаза құқық бұзушыны жаңа құқық бұзушы іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстауына септігін тигізеді. Мысалы, құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жүргізушілерді көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жолымен жаза тағайындалатынын айтып, ескерту жазасына кесу.

Заң жүзінде тағайындалатын әкімішілік жауаптылықтың  салмағын сезе білген әрбір жеке және заңды тұлғалар құқықтық тәрбиеге бой алып, заңға деген құрметтеушілігі арта түседі.

Құқық қорғаудың басты негізіне айналған заң алдындағы теңдік кемел келешек үшін сарқылмас дүние. Олай болса,  заңнама нормаларымен бекітілген талаптарды мүлтіксіз орындау арқылы қоғамда тыныштық орнап, белең алған қылмыстық саны азайары сөзсіз.

 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы У.Рахматуллаев

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.