Құқық бұзушылықтан туындайтын қылмыстық істер

Құқық бұзушылықтан туындайтын қылмыстық істер

 Соңғы жылдары әлеуметтік жағынан ең қауіпті агрессияның бір түрі болып танылатын зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстарға қоғамның назары күрт аударылды. Мұның түп тамыры адамдарға қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың күннен күн асқан сайын сан артуында  жатыр.

         Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның негізгі бостандығы мен құқықтары мемлекеттің асқан құндылығы болып табылады делінген. Мемлекет тұлғаны әкімшілік, азаматтық-құқықтық, сондай-ақ ерекше қылмыстық-құқықтық қорғанысқа қойып отыр.

Жеке тұлғаның жалпы құқықтық дәрежесі ол адамның  өмір үшін маңызды құқықтар, міндеттер мен заңды мүдделерінің жиынтығы. Қылмыстық-құқықтық іс-әрекет қолданыста бұл өмір, денсаулық, жыныстық дербестік, жыныстық қолсұғылмаушылық, жеке бастың бостандығы, ар-абырой және іскерлік бедел  деген  түсінікпен сабақтасады.

Құқық бұзушылықтың көпке танымал түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталады. Яғни, құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуға әкеліп соғатын қылмыстық әрекеті. Құқық бұзушылық адамзаттың санасы және ой-пікірінен қалыптаспайды, ол тікелей іс-әрекеттермен байланысты. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі қылмыс болып саналады.

 Құқық бұзушылықты  өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасайды, ал әрбір құқыққа қайшы іс-әрекет қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне елеулі залал келтіріп қана қоймай, қоғамда  зиянды таңба қалдырып,  оқыс нәтижелерге алып келеді.

Жазаланушылық құқық бұзушылықтың объективті белгісіне жататындықтан, кез келген тұлғаға қатысты  құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек. Заң жүзіндегі жауапкершілік – бұл күрделі әлеуметтік процесс. Ол құқықтық нормалардың белгілеулерін бұзу нәтижесінде туады және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану түрінде көрінеді. Осы орайда қоғамды тәртіпке шақырып, құқық бұзушылықты реттейтін қылмыстық кодекс іске қосылады.

Қылмыстық кодекс кез келген адамның денсаулығын, оның туғанынан бастап табиғи өлгеніне дейін  жасына, дініне, әлеуметтік жəне денсаулық жағдайына қарамастан қорғайды. Жалпы Қылмыстық кодекстің басым бөлігі жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстардан тұрады.

Қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi.. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.  Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.

Қылмыстық әрекеттердің алдын-алуға бағытталған шаралардың іске асырылуы, заң жүзіндегі жауапкершілік пен құқықтық  тәртіптерді дәріптеу, азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу барлық мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдарының жұмыла күш жұмсауымен байланысты.

 

Астана қалалық соты

Ә.Жакулин

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.