СҚО-да полицейлер педагогтер мен ата-аналарға жазғы каникул кезінде нені есте сақтау маңызды екенін айтты

СҚО-да полицейлер педагогтер мен ата-аналарға жазғы каникул кезінде нені есте сақтау маңызды екенін айтты

https://youtube.com/shorts/8K_6NHKwjEE?feature=share 

Буллинг, интернеттегі қауіптер, жол қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандарды қылмысқа тарту — осы және өзге де қауіптерді Солтүстік Қазақстан облысында жазғы каникул басталар алдында полицейлер білім беру, мәдениет және спорт жүйесінің өкілдерімен, сондай-ақ ата-аналар комитеттерімен талқылады. Ашық кездесу Qyzyljar Creative Center алаңында өтті. 

Полицейлер педагогтер мен ата-аналарды жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырды. Кенеттен тұйықталу, бұрынғы қызығушылықтардың жоғалуы, араласатын ортаның өзгеруі буллингтің, есірткіге тәуелділіктің немесе қылмыстық схемаларға тартылудың белгісі болуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың есірткі өткізумен байланысты екі қылмыстық іс тіркелді. 

«Ешбір бала таңертең қылмыскер немесе есірткіге тәуелді адам боламын деген оймен оянбайды. Барлығы біртіндеп басталады: бақылаусыз қалудан, қарым-қатынастың жетіспеуінен, өзін ересек етіп көрсеткісі келуден немесе тез ақша табуға ұмтылудан», — деп атап өтті СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Үмбетов. 

Тағы бір өзекті мәселе — жасөспірімдердің банк карталарын пайдаланатын алаяқтық схемалар. Полицейлер педагогтер мен ата-аналарға қаскөйлердің мектеп оқушылары мен студенттерді қалай іздейтінін түсіндірді. Көп жағдайда олар таныстары арқылы шығып, сыйақы үшін банк картасын беруді ұсынады. 

Жеке қаралған мәселенің бірі — жол қауіпсіздігі. Жыл басынан бері СҚО-да 27 жол-көлік оқиғасында 32 кәмелетке толмаған зардап шекті. Себептердің қатарында полицейлер жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуді, көшеде телефондар мен құлаққаптарды пайдалануды, велосипедтер мен самокаттармен жүру кезінде ережелерді бұзуды атады. 

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзге де мәселелер, соның ішінде мектеп бітіру кештеріндегі қауіпсіздік талқыланды. Жиынға қатысушылар интернет-кеңістікті бақылау, балаларды КСК мен МИБ-пен бірлескен ауладағы спорттық және шығармашылық іс-шараларға тарту бойынша ұсыныстар енгізді. 

СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов бөлімше басшыларына барлық ұсыныстарды пысықтап, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.