СҚО ПД жанындағы Кеңес жұмысы жастарды есірткі қатерінен қорғауға қалай көмектеседі

СҚО ПД жанындағы Кеңес жұмысы жастарды есірткі қатерінен қорғауға қалай көмектеседі

https://youtube.com/shorts/5nzaBNoCJpA?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен қоғам өкілдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі Кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындыларына арналған бейнеконференцияға қатысты. Кеңес ҚР ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өтті. 

Осыған ұқсас Кеңес СҚО полиция департаменті жанынан 2025 жылы құрылды және министрлік басшылығы тарапынан оң бағасын алды. СҚО ПД жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі Кеңес құрамына 25 адам кіреді: журналистер мен блогерлер, медицина қызметкерлері, спорт қауымдастығының өкілдері, заңгерлер, депутаттар, білім беру саласының өкілдері және белсенді азаматтар. Өткен жылы олар жастардың қатысуымен 150-ге жуық түрлі профилактикалық іс-шара өткізді, бұқаралық ақпарат құралдарымен және әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізді, подкасттар жазды. Маңызды оқиғалардың бірі — «Закладчики. Мать» атты жаңа деректі фильмнің тұсаукесері болды. 

Бейнеконференция аяқталғаннан кейін СҚО полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Кеңес мүшелерімен алдағы жылға арналған жоспарларды талқылады. Ол өңірде есірткі құқықбұзушылықтарына тартылған кәмелетке толмағандар санының азаюы байқалып отырғанын атап өтті. 

«Бұл — сенімге, түсіндіруге және жеке қатысуға негізделген профилактиканың шын мәнінде нәтиже беріп отырғанының айқын дәлелі, — деді полиция полковнигі Абай Жусупов. — Полиция департаменті диалогқа және профилактиканың жаңа форматтарына ашық. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз есірткі қатеріне тиімді қарсы тұрып, балаларымыз бен жастарымызды қорғай аламыз». 

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 18 есірткі құқықбұзушылығын анықтады, оның ішінде 8 есірткі өткізу фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 500 грамм түрлі есірткі заттары, оның ішінде 350 граммға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы жүйелі жұмыс жалғасуда. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.