СҚО-да полицейлер мен еріктілер 15 наркограффитиді бояды

СҚО-да полицейлер мен еріктілер 15 наркограффитиді бояды

https://youtube.com/shorts/XgcBEcgofn4?feature=share 

Петропавл қаласының қабырғаларындағы наркограффитилердің басым бөлігі жойылғанымен, қаланың кейбір адам аз жүретін аудандарында оларды әлі де кездестіруге болады. Қауіпті жазуларды бояу бойынша кезекті акцияға облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, еріктілер, сондай-ақ СҚО ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты. 

Іс-шара басталар алдында полицейлер еріктілерге есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша нұсқамалық өткізіп, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне тоқталды және Петропавл тұрғындарына ақпараттық буклеттер үлестірді. 

Мобильді топтарға бөлінген акцияға қатысушылар «Черёмушки» ауданында рейд жүргізді. Гараждар мен өзге де жасырын орындарға ерекше көңіл бөлінді. Бір сағаттың ішінде полицейлер мен олардың көмекшілері 15 наркограффитиді бояды. Онда көрсетілген сілтемелер бұған дейін жүргізілген жұмыстар аясында бұғатталды. 

Айта кететін болсақ, өткен жылы полицейлер интернеттегі есірткі ресурстарға апаратын 1457 сілтемені бұғаттады. Полицейлер кез келген есірткі құқық бұзушылық, соның ішінде есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің жарнамалары туралы 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына немесе «102» арнасына хабарлау қажеттігін атап көрсетті. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.