СҚО-да бір тәулікте 50-ден астам жасөспірімнің түнгі уақытта бейберекет жүргені анықталды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жасөспірімдер қылмысының азаю үрдісін атап өтуде. Алайда, бала құқықтарын қорғау саласында бірқатар қылмыстық қауіптер сақталуда. Бұл – кейбір ата-аналардың жауапсыздығы мен кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы. Мысалы, жыл басынан бері өңірде заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүргені үшін 1819 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
27 шілдеден бастап облыс аумағында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Іс-шараның анонсы әлеуметтік желілерде, жол тақталарында және тіпті танымал әртістің концерті кезіндегі экрандарда орналастырылды, онда полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға өз балаларына деген заңды жауапкершілігін еске салу. Полицейлер сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындарын аралап, қауіп төндіруі мүмкін мекенжайларды тексеруде.
Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде 37 жастағы қала тұрғынының алкоголь ішкен фактісі анықталды, оған қатысты 16 жастағы ұлын ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралуда. Заң бойынша ол алкоголь тұтынуға тыйым салынған тұлға болып саналады және баласына қолайлы тұрмыстық жағдай жасауға міндетті. Өкінішке қарай, әйел бұл талаптарды елемеген. Дегенмен, осы шағын аудандағы өзге мекенжайларда жағдай тұрақты.
Сағат 23:00-ден кейін рейдтік топтар компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындарын тексерді. Жүйелі профилактикалық жұмыс нәтижесін беруде: кешкі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүргені қоғамдық тамақтану орындарында анықталған жоқ. Алайда Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жаяу жүргіншілер бөлігінде, саябақ маңында мұндай деректер тіркелді. Полиция қызметкерлері ата-аналарды шақырып, әкімшілік хаттамалар толтырды.
Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша 76 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді, оның ішінде 51-і — кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүргені үшін, 9-ы — жасөспірімдердің алкоголь тұтынуы бойынша.
Рейдтерді полиция өкілдері қамқоршылық және білім беру органдарымен бірлесе отырып жүргізуде, іс-шараға қоғам белсенділері мен еріктілер де қатысуда. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы полиция жұмысының басым бағыттарының бірі.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]

5 пікір