«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы: елордалық полицейлер 160 жуық құқық бұзушылықты анықтады
«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы барысында Астана қаласының полицейлері жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған рейдтер жүргізіп жатыр, оның ішінде заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қаруды және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтау.
ЖПІШ басынан 159 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс болуына жол бергені үшін 147 ата-ана жауапқа тартылды.
Мысалы, «Есіл» ауданы ПБ ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанды түнгі уақытта сағат 22.55 ойын-сауық мекемесінде ересек адамсыз жіберу фактісін анықтады. Жасөспірім өзінің 16-шы туған күнін Түркістан көшесіндегі компьютерлік клубта атап өтуге шешім қабылдағаны анықталды. Туған күн иесінің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ойын клубының иесі ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сондай-ақ, ЖПІШ барысында 12 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынып, 8 кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше бақылауға алынды. Тұрғылықты жері бойынша полицияда есепте тұрған 34 отбасы мен 33 кәмелетке толмағандар тексерілді.
Жыл басынан бері полицияға төрт мыңға жуық кәмелетке толмағандар жеткізілді, олардың ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғандар – 2 416 жасөспірім.
Сонымен қатар, есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін ойын-сауық орындарының 37 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
24 пікір