Елордада «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы басталды
Ағымдағы жылдың шілде айының 17 мен 19 аралығында Астана қаласы ПД қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Сондай-ақ ЖПІШ барысында заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қаруды және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер жүргізу жоспарланған.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір