Ауыл тұрғынын босандыруға көмектескен солтүстікқазақстандық әйел-полицей медальмен марапатталды
Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ольга Кангозина ҚР ішкі істер министрлігінде «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел астанасында ерлік жасаған әйел-полицейлер жиналды. Аға жедел уәкіл қызмет барысында түрлі оқиғалармен бетпе-бет келеді. Бірақ 2021 жылғы 8 қаңтарда болған оқиға полиция майорының есінде ерекше қалған.
2021 жылдың 8 қаңтарында полиция капитаны шеніндегі Ольга Хлеборобное ауылындағы сайлау учаскесінде кезекшілікте болған. Бұл жерде фельдшерлік-акушерлік пункт те орналасқан. Босанғалы жатқан әйелді аудан орталығы Булаево қаласына апара жатқан фельдшер уақыттың тым аз екенін түсініп, дәл осы учаскеге келіп көмек сұрауға мәжбүр болған. Дәрігерлермен бірге Ольга нәрестенің дүниеге келуіне көмектесті. Бұл оқиғаны бүгінде полиция майоры Кангозина күлімдеп еске алады.
«Мен сауатты әрекет етуге тырыстым. Бірақ барлығы қате болса ше деген ой да болды. Нәрестенің жылаған даусын естігенде, бойымды қуаныш биледі. Барлығын дұрыс жасадым деп сендім. Сол кездегі әсерді, болған жағдайды сөзбен айтып жеткізу қиын», - дейді Ольга.
Полиция майоры Кангозина көмектескен отбасы қазір Алматыда тұрады. Бақытты ана өзінің құтқарушысымен әлі де байланыста. Сол күні дүниеге келген Даналы жақында полиция қызметкеріне өлең арнап, өскенде тәртіп сақшысы болатынын айтты.
Полиция жедел уәкілінің күнделікті жұмысы шытырман оқиғаларға толы. Алайда олардың арасында есте қаларлық оқиғалар да болады. Қаңтар айының сол күні болған оқиға Ольганың полиция қызметін таңдағанына өкінбейтінін көрсетті. Тәртіп сақшысының айтуынша, мұндай оқиғалар қызметтің маңыздылығын арттырады.
СҚО ПД баспасөз қыметі
[xfvalue_img]