Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен қызметтік борышын орындау кезінде ерлік пен жанқиярлық танытқан қызметкерлер марапатталды.
Наградаларды Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин салтанатты рәсім барысында табыс етті.
Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Дәурен Колкаев пен лейтенант Ералы Сансызбаев "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс ПД бұйрығымен оларға ақшалай сертификаттар табысталды.
Қызметкерлер каналға құлаған 2 жасар балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Шұғыл түрде жүргізілген жүрек-өкпе реанимациясының арқасында жедел жәрдем келгенге дейін баланы өлімнен аман қалған еді.
Бұл күні ПД басшылығының атынан Тараз қ.ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошкаевқа, инспекторлар Елжас Болат, Әділет Тойжігіт, Дидар Нәбиевке алғыс білдірілді.
2024 жылғы 13 мамырда полицейлер көпқабатты үйлердің біріндегі өрт ошағын жойып, әйелді және оның 5 кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста. Содан кейін қызметкерлер жарылыстың алдын алу үшін газды жауып, осы үйдің тұрғындарын эвакуациялаған.
[xfvalue_img]