Астана тұрғыны бір түнде автокөліктерден бірнеше ұрлық жасаған
Полицияға бірден елорданың бірнеше тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер Мұстафин көшесіндегі үйдің жанында тұрған көліктердің терезелерін сындырып ұрлық жасағаны туралы арызданған.
«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол елорданың 20 жастағы тұрғыны болып шықты.
Анықталғанындай, түнгі уақытта сағат 04.30 шамасында қаскүнем мас күйінде, тұрақта тұрған «Honda Accord» маркалы автокөлікте дабыл жүйесінің жоқтығын байқап, алдыңғы әйнекті таспен ұрып сындырған. Ол көлікке кіріп, тұрмыстық химиялық заттарды ұрлаған. Бірақ бұл оған жеткіліксіз болып көрінді және ол тағы үш көліктен дәл осылай ұрлық жасаған. Жас жігіт қолына түскеннің бәрін ұрлаған: автомагнитоладан бастап балық аулайтын қармақ пен күннен қорғайтын көзілдіріктерге дейін алып кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам кінәсін мойындады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, автокөлік салонында қаскүнемдердің назарын аударуы мүмкін құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді. Автокөлікті күзет дабыл жүйесімен жабдықтап және бейнебақылау камералары орнатылған орындарға қою қажет.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
15 пікір