Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер бір түнде автокөліктерден екі ұрлық жасады
«Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне бірден елорданың екі тұрғыны арызданған.
Олардың бірінің айтуынша, ағымдағы жылдың 05 мамырына қараған түні белгісіз біреулер Ақсай көшесіндегі үйдің ауласында тұрған «Lexus» маркалы автокөлігінің 4 дөңгелегін шешіп әкеткен. Көлік иесінің есебі бойынша келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрайды.
Ал екінші жәбірленуші яғни «Audi» маркалы автокөліктің иесі полицияға дәл сол күні ұрылар көліктің салонына кіріп, құны 50 мың теңге тұратын «JVC» маркалы автомагнитоланы ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел уәкілдер ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады. Олар 19 және 24 жастағы жастар болып шықты. Біреуіне қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды, ол Нұр-Сұлтан қ. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Автокөліктерді ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Елордалық полиция көлік құралдарының иелеріне қырағы болуға, өз көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауға, Көлік құралдарын арнайы тұраққа, паркингке, жарықтандырылған жерлерде немесе, кем дегенде бейнебақылау камераларының көрінетін аймағына қоюға кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір