Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көліктерден ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде автокөліктерден ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы елордалық азаматты ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта тұрғын үйдің ауласында дабылдың жоқтығын және "Мазда" маркалы автокөлігінің есігі ашық екенін пайдаланып, салонға кіріп, аккумулятор мен магнитоланы ұрлағаны анықталды.
Сол түні ол тағы бір көліктен ұрлық жасаған. Ер адам автокөліктің капотын ашып, аккумуляторды ұрлап кеткен. Әдетте, қаскүнем дабыл жүйесі жабдықталмаған және иелері күзетілмеген тұрақтарда қалдырған көліктерді таңдады. Ол ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізген.
Полиция қызметкерлерімен ұсталған бұрын сотты болған күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Автокөліктер мен аккумуляторлардың ұрлауын алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көлік құралын күзет дабыл жүйесімен жабдықтауды, бейнебақылау камераларымен қамтылған немесе күзетілетін автотұрақтардың аумағында көліктерді тұраққа қоюды ұсынады.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]