Өскемен қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Баяндинов Марат Бексолтанұлы ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің Өскемен қаласындағы филиалының тәлім алушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Кездесу барысында полиция полковнигі құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу тәртібі, ҚР ІІМ-де бастапқы даярлықтан өту шарттары туралы айтып, полиция қатарын толықтыруға шақырды.
Полиция полковнигі Марат Баяндинов Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтып, кандидаттарды іріктеу, тестілеуден және дене шынықтыру дайындығынан өту өлшемдері, сондай-ақ полициядағы жұмыстың ерекшеліктері мен түрлі бөлімшелердің күнделікті қызметі туралы айтып берді.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс беруші есебінен алғашқы даярлық оқыту;
- тұрақты және уақтылы жалақы;
- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;
- мансаптық өсу;
- емдеу мекемелерінде және ведомстволық ұйымдарда тегін медициналық қызмет көрсету;
Енді орта біліммен жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызметке тестілеуден өтудің қажеті жоқ екенін атап өткіміз келеді.
Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 232-824, 232-700, 232-619 немесе Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152.
[xfvalue_img]