ҚР ҰҚК: Веломарафонның өткізілгені туралы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына орай «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытында ұзақтығы 1224 шақырымдық он күндік веложарыс өтті.
Спорттық іс-шараға ҰҚК Авиациялық қызметінің әскери қызметшілері қатысып, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Ақмола облыстары арқылы өтетін жолды еңсерді.
2022 жылғы 11 шілдеде ҰҚК басшылығы салтанатты жағдайда мәреге жеткен веломарафон қатысушыларын құттықтап, марапаттады.
Аталған шара жұртшылықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
[xfvalue_img]