Семинар өтті
Байқоңыр қалалық сотында санитарлық талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты "Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді . Семинарға қалалық соттың төрағасы Т.Жүсіпов, судья Е.Шевцова, қала прокурорының орынбасары М.Нұрсұлтан, прокурор Е.Тойшыбайұлы, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығының орынбасары К.Абуов, Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы А.Танбаев, адвокаттар Г.Карабаева және М.Сисекешов қатысты.
Сот төрағасы Т.Жүсіпов өз сөзінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан жасалып отырған ізгілік актісі және құқық бұзушыға берілген мүмкіндік пен сенімнің көрінісі екенін атап өтті.
Жиында Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы А.Танбаев баяндама жасап, аталған рақымшылық жасау туралы заңнама 08.12.2021 жылы қолданысқа енгізілгенін, Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың ішінде 24 адамға қатысты рақымшылық жасау қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар, аталған заңның ерекшелігі бұрын рақымшылық жасалған тұлғаларға да рақымшылық жасау мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.
Семинар соңында қатысушылар аталған заңнаманың орындалу барысына қатысты өзара пікір алмасты.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
30 пікір