Қызылордада сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы заңы таныстырылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бүгін Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі аралас ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға жеке-жеке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы түсіндіріліп, таныстырылды.
Заңда көрсетілгендей қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыс жасаған азаматтар және ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады. Сонымен қоса залал келтіруге әкеп соқпаған, оны не толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылған азаматтар жазасын босатылады деп көрсетілген.
«Мекеме қызметкерлері заңды толық түсіндірді. Қандай баппен сотталған азаматтарға қолданылатынын, жеңілдіктер бар ма деп сұрап білдім. Егер менің де бостандыққа шығуыма мүмкіндік болып жатса отбасымнан бір сәт жырақтамаймын. Отбасымның жанына барып жаңа өмір бастаймын.», -дейді сотталған азамат.
Қазіргі таңда мекемеде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]