Сотталғандарды спорт арқылы түзу жолға түсуге шақырамыз
ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің спорт алаңында Байқоңыр қалалық пробация қызметі және «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен футбол спорттық іс-шарасы өткізілді.
Бұл іс-шара сотталғандарды спорт арқылы түзу жолға түсуге шақыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға шамамен 15-20 сотталған қатысып, үш командаға бөліну арқылы ойын өз жалғасын тапты.
Нәтижесінде, жеңімпаз командалар жүлделі сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
«Бұл спорттық шараға кәмелет жасқа толмаған сотталғандар да қатысты. Есептегі азаматтармен спорттық- мәдени шаралар өткізу олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, қайта қылмыстың алдын алуына және түзелу жолына түсуіне әсері мол. Пробация есебіндегі 63 азаматтың екеуі кәмелет жасқа толмағандар Олармен тәрбиелік мәні бар сұхбаттарды жиі өткіземіз»,-деді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны А. Танбаев
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]