АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі ережелерін талқылау болды.

Комиссия отырысында сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомствоның басшысы Арман Рахимов стратегиялық құжаттың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды тұжырымдаманы әзірлеуге өз үлесін қосуға шақырды.

«Халықаралық озық тәжірибені, қоғам мен бизнес өкілдерінің, сарапшылардың пікірлерін, азаматтардың ұсыныстарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындыларын ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған Тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі маңызды жетістіктер және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің одан әрі бағдарлары ұсынылған. Сонымен қатар, бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылда азаматтық белсенділік танытуға дайын әрбір адамның пікірін тыңдау және ескеру үшін жиналып отырмыз», - деді Арман Рахимов.

Отырысқа қатысушыларға 7 бөлімнен тұратын Тұжырымдама жобасының мазмұны таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамытудың пайымы құжаттың бесінші бөлімінде баяндалған, онда парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептерін барынша азайту, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі мәселелері, сондай-ақ Антикор қызметін жетілдіру мәселелері көрсетілген.

Айта кетейік, облыстың әрбір тұрғыны adal.com.kz арнайы құрылған сайты арқылы тұжырымдама жобасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенова Парасаттылықты қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың жүргізіп жатқан қызметі туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылығына Мемлекет басшысы қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберіндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.