Жамбыл облысында

Жамбыл облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы барысында 37 қылмыс дерегі ашылды

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 19-23 шілдесі  аралығында "Құқықтық тәртіп"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

"Бұл іс-шараның мақсаты-көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ  жол қауіпсіздігі", - деді Жамбыл облысының  Полиция департаменті  Жергілікті полиция қызметі басқармасының  бастығы полиция полковнигі Рахымберді  Әшкеев.

Алдын алу  іс-шарасына ішкі істер органының  650-ден астам қызметкері және әскери қызметшілер, қоғамның 30 өкілі тартылды және 232 бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 52 қылмыс дерегі  тіркелді, оның 37-сі ізін суытпай ашылды және 13-і бұрын жасалған.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген жеті адам ұсталды, жалпы салмағы 7 келі 659 гр марихуананы заңсыз айналымға салудың сегіз дерегі анықталды. Тегіс ұңғылы атыс қаруын алып жүрудің немесе сақтаудың 1 дерегі  және суық қаруды алып жүрудің 2 дерегі  (аңшылық пышақ және қолөнер кастеті)  анықталды.

Бұдан басқа, 2557 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген, оның ішінде 254 – Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434 - бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық), 313 - Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу), 310- Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) және 80- Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  437-бабы бойынша (Тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзу). Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  492-бабы бойынша (ҚР-да тұру ережелерін бұзу) 702 адам ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеу) бойынша 706 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты  жол қозғалысы ережесін бұзған 124 жүргізуші тоқтатылды, көлік құралын мас күйінде басқарудың  17 дерегі  (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) және жаяу жүргіншілердің  жол қозғалысы ережесін   бұзудың 553 дерегі  (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) анықталды.

Көші-қон заңнамасы желісі бойынша Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  518-бабы бойынша (ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу)  ТМД  азаматтарының  62 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі  анықталды. Қабылдау-тарату орнына  40 адам,  Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына  105 адам орналастырылды.  Сондай- ақ профилактикалық есепте тұрған 1302 пәтер және 2614 есепке алынған, оның ішінде 479-шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар тексерілді.

"Аталған іс - шаралар тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жедел жағдайды сауықтыру, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында өткізілді", - деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді  Әшкеев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.