СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘРБИЕ
«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Викторович Савкиннің қатысуымен онлайн диалог өткізілді.
Эфир барысында спикер «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы туралы айтып берді. Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.
Владимир Савкин сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімді партиялық және қоғамдық бақылау болып табылатынын атап өтті, ол мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығын, есептілігін «мемлекетке қызмет ету» қағидаты бойынша арттыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Бұл үшін партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комитетін ұйымдастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде Владимир Викторович қоғамның қолайлы өмір сүруі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлар жасау жөніндегі мақсаттар мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.
Бүгінгі күні партияның қалалық филиалында 15 адамнан тұратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бір өңірлік Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңес отырыстары ай сайын өткізіледі, онда елорда тұрғындарының шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселелері көтеріледі.
Сонымен қатар, осы саладағы сарапшы ретінде жетекші психолог болып табылатын Владимир Викторович психология арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру туралы ойымен бөлісті.
[xfvalue_img]